"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің ғылыми баяндамасы 2 орынға лайықты деп танылды

Университетімізде "Серпін " бағдарламасы бойынша білім алып жатқан "Агрономия" мамандығының екінші курс студенттері Жантөре Оңғар және Әділет Ешманов, 2019 жылдың 25 - 26 сәуір күндері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен "Аграрлық ғылымның жетістіктері мен келешегі" атты халықаралық жас ғалымдар конференциясына қатысты.

Студенттер Солтүстік Қазақстанның орманды дала жағдайында шетелдік селекция рапсын экологиялық сорттық сынақтан өткізуге арналған ең үздік баяндама үшін II дәрежелі дипломға ие болды. Жас ғалымдар өз зерттеулерін "21 ғасыр агрономы" атты студенттік ғылыми қоғам аясында қытайлық әріптестермен бірге М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Агротехнопарк базасында жүргізеді.

 

29.04.2019