Сөздәйектер галереясы
Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов
Электрэнергетика бойынша республикалық олимпиададан жүлделі оралды
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пән олимпиадасында «Электрэнергетика» мамандығы бойынша командалық есепте 3 орынға ие болды. Шара 2019 жылдың сәуірдің 25-26-сы күндері Павлодар қаласында С.Торайғыров атындағы ПМУ-де өтті. Шарада еліміздің жалпы 29 жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынасты.
Сондай-ақ, «Электрэнергетика»мамандығы бойынша пән олимпиадасының жеке есебінде СҚМУ студенті Иван Лукьянов 1 орынға лайықты деп танылды.
29.04.2019
