2019 жылдың сәуірдің 24-26 аралығында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Бұл сайыс Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылды. Оған университетіміздің барлық факультеттерінің студенттері ат салысты. Аталмыш шараның негізгі мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру.
Жарыстың өткізілуі мен шарттарын ойынның бас төрешісі «дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы Сергей Гоненко түсіндірді. Әр команданың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болды. Майталмандар өз біліктіліктерін көрсетуге тырысып бақты. Қатысушылар топтық кезең мен жеке біріншілікте сынасты. Нәтижесінде командалық біріншілікте: 1 орынға- ИСТФ құрамасы, 2 орынға- АФ командасы ие болды. Ал 3 орын- МЖҒФ студенттеріне бұйырды.
Жеке біріншілік бойынша: Жігіттер арасындағы бақталас:
1орын – Темірлан Оразбай (Ге-18);
2 орын – Манас Жумашев (А-17);
3 орын – Алишер Шахуадинов (Тр-18);
Нәзікжандылар арасындағы бақталас қорытындысы бойынша:
1 орын – Зарина Нұрғожина (ПМНО – 16к);
2 орын – Камила Аманжолова (ОМ-18-1б);
3 орын – Айжан Усей (ПМНО – 18к).