2 мамырдан бастап М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы өз жұмысын бастады. Оқу ордаға келген сарапшылардың негізгі мақсаты: ЖОО-да институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімін өткізу.
Комиссия мүшелері ең алдымен, ЖОО басшылығымен, білім беру бағдарламаларын басқару өкілдерімен, декандармен, департамент директорларымен, ғылыми-зерттеу жұмысымен, қаржы, материалдық-техникалық ресурстармен, тәрбие үдерісімен, ПОҚ кездесті. Сарапшылар олардың қызметі және негізгі атқарылған жұмысымен кеңінен танысты. Оқытушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Келесі күні комиссия бітіруші кафедраларға барып, оқу іс-шараларына қатысты, білім алушылармен әңгімелесіп, сонымен қоса, түлектер және жұмыс берушілермен кездесті.
Аталған тексеру - білім беру процесінің қызмет ету жүйесіне сырттан көзқарас, оның сапасын қамтамасыз ету бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қолданылатын тәсілдер.
Бағдарламалық аккредиттеуге физика-математикалық, филологиялық, агрономиялық және жаратылыстану - ғылыми кластерлердің бакалавриат және магистратураның 17 білім беру бағдарламасы қатысады. Тәуелсіз сарапшылар шығаратын ұсыныстар университеттің дамуына елеулі серпін бермек.