2019 жылғы 20-22 мамыр аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ЖОО-да мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы келеді. Бағдарламалық аккредиттеуге 16 білім беру бағдарламасы қатысады:
|
Сапар барысында комиссия ЖОО басшылығымен, білім беру бағдарламаларын басқару өкілдерімен, ПОҚ, ғылыми-зерттеу жұмысымен, қаржы, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен, тәрбие үдерісімен, студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен, магистранттармен және ЖОО түлектерімен кездеседі.
Қорытынды жиналыста комиссия төрағасы жоғары оқу орнының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.
Тексеру қорытындысы бойынша соңғы шешім қабылданатын Аккредиттеу кеңесінің отырысы маусым айында өтеді.