Мамырдың 21-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл күні сарапшылар аккредиттелетін бағдарламалар бойынша кафедраларды аралады. Тексеру нәтижелерін түйіндеді.
Сонымен қоса, комиссия мүшелері университетіміздің ғылыми-зерттеу жұмысымен, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен, тәрбие үдерісімен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен, магистранттармен және ЖОО түлектерімен кездесті.
Сарапшылардың бүгінгі міндеті тек сапалы білім беру бағдарламарын тексеру ғана емес, сонымен қатар бес жыл ішінде болған өзгерістерді қадағалап, тиісті баға беру. Айта кету керек, сараптау комиссиясы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында сауалнама жүргізді. Және университетте өткізіліп жатқан іс-шараларды да тамашалады.