2019 жылдың 22 мамырында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, сарапшылардың басты мақсаты - ЖОО-да мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу. Нәтижесінде, университетіміздің педагогикалық, техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы бакалавриат пен магистратураның 16 білім беру бағдарламасы тексерілді.
Бұдан бұрын, комиссия мүшелері академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қаржы, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстар, тәрбие үдерістері, ЖОО басшылығы қызметімен танысып, студенттер және түлектермен әңгімелескен болатын.
Қорытынды күні сарапшылар аккредиттелетін бағдарламалар бойынша тәжірибе базаларын аралап, университет басшылығымен кездесті. Ал жиналыста комиссия төрағасы олардың жұмысы барысында туындаған ұсыныстарға тоқталып өтті.
Айта кету керек, Аккредиттеу кеңесінің келесі отырысы маусым айында өтеді. Онда тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады.