"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Оқытушылар мен қызметкерлер арасында гір көтеру спорты бойынша жарыс

Университетте ПОҚ және қызметкерлер арасындағы "Денсаулық және сергектік" спартакиадасы өз мәресіне жетті. Онда 11 спорт түрі бойынша жарыстар өтті. 2019 жылдың 22 мамыр күні ректор кубогы сарапқа салынған гір спортынан сайыс өткізілді. Әрбір команда 2 адамнан құралды. Қатысушылар гірді 16 кг және 24 кг салмақта көтерді. Жаттығуларды 5 минут ішінде орындады.

Нәтижесінде 3 орынды- агротехнологиялық факультет, 2 орынды - тіл және әдебиет институты иеленді. Турнир жеңімпазы педагогика факультеті атанды.

23.05.2019