Сөздәйектер галереясы
Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры ҚР ЖОО-ның топ-50 ПОҚ қатарына енді
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) ҚР ЖОО-ның Топ-50 оқытушыларының рейтингін жариялады. 2019 жылы біздің университетімізден топ-50-ге профессор, т.ғ.д. Көшеков Қайрат Темірбайұлы кірді.
Ранжирлеу әдістемесінде ҚР БҒМ мен халықаралық электрондық ресурстардың жалпыға қол жетімді көздері пайдаланылды. Ранжирлеу кезінде гранттарды басқару, патенттер мен авторлық куәліктер алу, Хирш индексі (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters және Scopus) бойынша жарияланымдардың болуы және т. б. ескерілді http://www.iaar.kz/ru/rejting/rejting-vuzov-2019/respublika-kazakhs.
Университет ұжымы Қайрат Темірбайұлын ғылыми және оқу қызметінің нәтижелерін жоғары бағалаумен құттықтайды!
