Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің саясатында қызмет етіп келе жатқанына биыл 30 жыл толады. Осы жылдар аралығында Елбасының елімізге қосқан үлестері туралы 2019 жылдың 17-ші маусымында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дағы «Тәуелсіз Қазақстанның құрылуындағы Елбасының рөлі» атты дөңгелек үстелде кеңінен айтылды. Іс-шараны «Nur Otan» партиясының аймақтық «Болашақ» филиалы ұйымдастырды.
Жиында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Зәуре Картова бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Елбасының үлесі және оның маңызды қызметтері туралы талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылдың 22-ші маусымында алғашқы рет үлкен саясатқа қадам басып, Қазақстан Республикасының Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған болатын. Сол кезден бері мемлекетіміз гүлдене бастады және 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында өзіміздің тәуелсіздігімізге ие болып, әлемдік елдердің қатарына қосылды. Осы барлық жетістіктер Елбасының арқасында деп сеніммен айта аламыз.