2019 жылдың 23-ші шілде де М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика басқармасының бас маманы Амангелді Сатанов университетіміздің Coworkіng орталығында оқытушылар және студенттермен жүздесті. Кездесу барысында ағымдағы жылы бастау алған «Парасаттылық мектебі» туралы сөз қозғалды.
Парасаттылық мектебі – бұл қарқынды, әрі шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоционалды нығаюдың және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылдың үйлесімі. Аталмыш мектептің құрылу мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау болып табылады.
Шараға жиналғандар парасаттылық, адалдық туралы бір-бірінін пікірлерімен бөлісті. Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер «Парасаттылық мектеп» туралы жиындарды барлық оқыту мекемелерінде өткізеді, ал алдағы уақытта осы мектепке арнайы мекеме ашып, қала тұрғындарын қабылдауды жоспарлап отыр.