2019 жылғы 29 тамыздан 6 қыркүйекке дейін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті муай-тайдан ҚР спорт шебері Евгений Зайцев Оңтүстік Кореяда өткен жекпе-жектен әлемдік турнирде қола жүлдеге ие болды. Жас спортшы 63,5 келі салмақта 3 жекпе-жек өткізіп, жоғары көрсеткіш көрсетті.
Біздің спортшы облыс пен республиканың ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады, бірнеше рет Қазақстанды әлемдік аренада көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Евгений Зайцев - Азия чемпионатының күміс жүлдегері, муай-тайдан Солтүстік Кубогының иегері.
Евгений Зайцев «Beybars» клубында жаттығуды аптасына 5 рет СҚО бас жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тунның басшылығымен өткізеді және қазір Дүниежүзілік жекпе-жек жарысына қатысуға дайындалуда.