Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский
            Студент Мейрбек Рахимов қазақша күрестен алтын медаль алды
2019 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өткен Республикалық турнирден М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің педагогикалық факультетінің «Дене шынықтыру» кафедрасының студенті Мейрбек Рахимов V ұлттық спорт фестивалінің жеңімпазы атанды.
Мейрбек Рахимов - қазақша күрестен спорт шебері, бұл оның алғашқы алтын медалі емес. Жас балуан бұдан әрі үлкен шыңдарды бағындыратынына үлкен сенім білдіреміз. Спортшыға алда барлық ойлаған мақсаттарының орындалуын тілейміз.
25.09.2019
        