Сөздәйектер галереясы
Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.
Қажым Жұмалиев
Халықаралық қарттар күні
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл - қарттарға ерекше көңіл бөлу, олардың сіңірген еңбектерін мойындау, аға ұрпаққа құрмет пен ризашылық білдіру күні. 1 қазанда ХХТИ бөлімінің Хо-18к тобының еріктілері «Қаламыздың көшелерінде қарт адамдар күні» акциясын өткізді. Акция әлеуметтік маңызы бар, оның мақсаты мерекені құттықтап қана қоймай, қоғамның назарын қарттардың проблемаларына аудару болды. Студенттер әр қарт адамға бір шыныаяқ кофе берді және шын жүректен құттықтау сөздерін айтты.


Кафедра хжхт
01.10.2019
