16 қазанда Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары арасында және Еуропалық Одақ Erasmus+ бағдарламасының қатысушылары арасында кездесу өтті.
Шайзада Өмірзаққызы ұйымның құрылымы, жобаларды қаржылық басқару, оларды институттандыру туралы әңгімеледі. Кеңсе директоры нәтижелердің тұрақтылығы тақырыбына тоқталды. Ол сонымен қатар жобалық құжаттаманы басқару, өтінімдерді орындау, жұмыс пакеттерінің мазмұны бойынша нақты ұсыныстар жасады. Үйлестірушілермен және әр жобаның командасымен сөйлескеннен кейін ол көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда біздің университет Erasmus + аясында 5 жобаны жүзеге асыруда: DOCMEN - микроэлектрондық инженериядағы екі деңгейлі инновациялық бағдарламаны әзірлеу, TRUNAC - Қазақстандағы университеттік автономияға көшу, NICOPA – дәл ауылшаруашылығына арналған жаңа инновациялық курстар, ACeSYRI - PhD студенттеріне және жас ғалымдарға арналған информатика саласындағы жетілдірілген орталық, DeSTT – көшбасшы оқытушыларды даярлау.