"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Университет студенттері керлинг бойынша ҚР спорт шебері атанды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері керлинг бойынша СҚО және ел құрамасының құрамына кіретін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен спорт шебері атағы берілді. Виктория Нистор, Глеб Вибе, Дәулет Тарбак, Роман Жежеря, Вероника Вятчинова, Елизавета Уточко ІІІ қысқы жастар ойындарында және ҚР Чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Спортшыларды "Дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының доценті Денис Зернов пен аға оқытушы Иван Буняшин жаттықтырады. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында бұл спорт түрі 2013 жылы дами бастады. Осы уақыт ішінде біздің керлингисттер бірнеше рет республикалық және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері және жеңімпаздары атанды.

15.11.2019