Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
НЗМ ынтымақтастығы
2019 ж. 27 қарашада М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Агротехнологиялық факультетінің басшылығы Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында НЗМ директоры Н. Р. Елшібековпен және директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Б. А. Туленовпен ынтымақтастықтың басым салалары анықталды: факультет ПОҚ мектептің оқушылары үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу инновациялары саласындағы екі элективті курстар әзірлеу; НЗМ базасында және университет зертханаларында оқу сабақтарын өткізу.
