«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осымен екінші жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізуде. Негізгі критерийлер: жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, оқу бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы, сонымен қатар бағдарламалардың сарапшылардың өзектілігін бағалау.
Нәтижесінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚР-дағы ең үздік университеттердің біріне айналды. Біздің университетіміздің бағалауға қатысқан 34 білім беру бағдарламасының 14-і көш бастап тұр. Бұл университеттің барлық ұжымы мен студенттерінің еңбегі, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесудің нәтижесі!