Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл-Фараби
Халықаралық ынтымақтастық
2019 жылы 12 желтоқсанда СҚМУ-да болу шеңберінде орман техникалық университетінің (София қ., Болгария) профессоры А. Н. Ташев «Өсімдіктер экологиясындағы ғылыми зерттеулер» атты шеберлік-класс өткізді. Бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылып, одан әрі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, Александр Ташев М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кітапханасына кітаптар мен анықтамалық әдебиеттер сыйға тартты.
18.12.2019
