Сөздәйектер галереясы
Тәртіпке бас иген - құл болмайды, Тәртіпсіз – ер болмайды.
Халық даналығы
Түлектер тестілеуден өтті
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Foundation" факультетінің ұйымдастыруымен СҚО, Петропавл қаласының биылғы жылғы мектеп түлектеріне арналған ҰБТ–ға тегін сынақ тесті өтті. Әр түлек 3 міндетті пән, 2 бейіндік пән немесе 5 таңдау пәндерінен өз білім деңгейлерін тексерді.
Сынақ тест барысында ҰБТ тәртібі, ережелері түсіндіріліп, түлектерді алдын-ала дайындау шаралары өтті. Тестілеуден кейін университетіміздің факультеттері, мамандықтар туралы кәсіби бағдар кеңестер жүргізіп, түлектерге әр мамандыққа арналған мәліметтер берілді. Тестілеуге 315 мектеп түлегі қатысты.
10.01.2020
