Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Петропавлда ҰБТ басталды
17-19 қаңтар аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында ҰБТ-ны облыс орталығы мен жақын маңдағы 3 ауданның болашақ түлектеріне өткізді. 3 күн ішінде 1403 оқушы тестілеуден өтеді. Оның ыңғайлы өтуі үшін университеттің 9 кабинеті дайындалды.
Ең адал тестілеу процессі ғимаратқа кіре берісте орналасқан металл детекторлардың көмегімен, бейнебақылау және ұялы байланысты жергілікті блоктау арқылы қамтамасыз етілді. Арнайы әзірленген қызметтің арқасында нақты уақыт режимінде ұялы телефоннан немесе үлкен экранда онлайн трансляциясы өткізілген 6 ғимараттың акт залында бақылау процессін бақылауға мүмкіндік туды.
Сондай-ақ, №6 ғимараттың фойесінде қызығушылық білдірген үміткерлерге, ата-аналар мен мұғалімдерге мансаптық кеңес беру өткізілді.
