Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Ж. Қизатов атындағы колледж студенттерімен кездесу
20.01.2020 ж. Агротехнологиялық факультетінің оқытушылары (Муканова Ф. К., магистр, Пучкова С. Ю., магистр, Савенкова И. В., доцент - "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасы; Аубакирова А. К., доцент, Баязитова К. Н., профессор – "Азық-түлік қауіпсіздігі" кафедрасы) ҚМКК "Жоғары ауылшаруашылық колледжі" бітіруші курс студенттерімен кездесті. (Покровка а., СҚО).
Кездесуде «Агрономия», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Орман шаруашылығы», «Бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандықтары бойынша колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы Агротехнологиялық факультеттің мамандықтарын таныстыру арқылы жүргізілді, білім алушылар ақпараттық буклеттер алды.
Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды: оқу құны, бейінді емес мамандықтарға түсу ерекшеліктері, әскери кафедрада оқу мүмкіндігі және т.б.
