Сөздәйектер галереясы
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
Аманғали Бекболатов Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ТЭжҚ факультетінің студенті, палуан Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен өткен гран-при турнирінде жеңіске жетті. Аталмыш турнир Францияның Ницца қаласында өтті. Ол бұл жекпе-жегінде барынша сенімді ойын көрсетуге тырысты. Сондықтан әрбір жекпе-жек тартысқа толы болды.
Аманғали Бекболатов халықаралық жарыста 3 кездесу өткізді. Нәтижесінде 55 келі салмақта өнер көрсеткен палуан қарсыластарының барлығын жеңіп, чемпион атанды.
Аманғали Бекболатовты жеңісімен құттықтаймыз.
23.01.2020
