Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
ПОҚ үшін оқыту семинары
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ–да "Сандық білім беру-әлемдік тренд. Электронды оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар" атты семинар өтті. Іс-шараға кафедра меңгерушілері мен оқытушылар қатысты.
"Эпиграф" баспасының мультимедиялық оқулықтары мен бағдарламаларын әзірлеуші, апробация менеджері Ибрагим Ахметуллин өткізді. Ол "Эпиграф" электрондық кітапханасының сайтында видеолекциямен, тестпен, міндеттермен жабдықталған кітаптар қол жетімді екенін жеткізді. Бұл ретте жүйе өзі тест тапсырмалары үшін балл қоя алады, сондай-ақ оқытушыға студенттердің оқулықтармен қалай айналысатынын көрсете алады.
Сонымен қатар мастер-класс өткізіліп, тыңдаушылар үлестірмелі материалдар мен сертификаттарға ие болды.
