Сөздәйектер галереясы
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский
Дөңгелек стол
Бірінші ақпан күні «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен БМДББТӘ кафедрасының аға оқытушысы М.Т. Касенова мен оқытушысы И.А. Мұхаметжанова «Конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу және ескерту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында радикалды топтардың ерекшеліктері, жастарды жат ағымдардан сақтаудың тиімді жолдары, діни сауатсыздық мәселелері қарастырылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, ҚР тиым салынған деструктивті ұйымдар туралы ақпарат алды.
Кафедра бжмдббтә
06.02.2020
