Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
«Серпіндік» студенттерімен кездесу
Университет қабырғасында «Серпін» бағдарламасының студенттерімен және «Айғақ» телеарнасының басшысы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіштің қатысуымен кездесу өтті. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 7 мыңнан астам студент оқиды. Оның ішінде 967-сі «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алса, 560 студент Түркістан өңірінен келгендер.
Солтүстік Қазақстан облысында жүрген түркістандық делегациясы білім ордамызда оқып жүрген студенттердің жағдайымен танысып, шағын әңгіме өрбітті. Университетіміз "Серпін" бағдарламасы бойынша жылда оңтүстік өңірлердің түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстар жүргізеді.
Бас қосу барысында студенттер тарапынан алып жатқан білімдері, студенттік өмірі жайлы шағын әңгімелеп берді. Дулат Әбіш студенттердің алдағы жоспарларына сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.
