Біздің университет студенттері еріктілер жылына арналған фронт-офистің салтанатты ашылуына қатысады. Ол Нұр- Сұлтан қаласындағы ЭКСПО қалашығының павильондарының бірінде өтеді. Іс-шараның екі күндік бағдарламасында студенттерге тренингтер, интерактивті платформалар, желілер қарастырылған.
Ең бастысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу және «Саулық», «Асыл мұра», «Таза әлем», «Білім» және басқа бағыттар аясында атқарылған жұмыстардың тұсаукесері болып табылады. Жалпы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ еріктілер қозғалысы құрамында 350-ден астам ерікті бар.