"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Университет студенттері СҚО полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кездесті

Терроризмге қарсы іс-қимыл-елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі. Қазақстан лаңкестікті оның барлық формаларында батыл айыптайды және әлемдік қоғамдастықтың осы құбылыспен күрес жөніндегі ұжымдық күш-жігерін қабылдауын қолдайды. Лаңкестер қатарына жас ұрпақ өкілдері жиі кіреді. Өзінің тәжірибесіздігіне және қалыптасқан дүниетанымына байланысты жастар экстремистердің қолында "соқыр құрал" болып табылады.

ҚХА кафедрасының бастамасымен "Шет тілдері" кафедрасымен бірге студенттері үшін "Терроризм: экстремалды жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері" атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесу үш тілде студенттермен әңгіме түрінде өтті. Қонақтар ретінде СҚО ІІД Экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасының аға жедел уәкілетті қызметкерлері Марат Халимулин мен Дархан Сыздықов шақырылды. Олар СҚО-да террорлық сипаттағы іс-әрекеттер және олармен күрес туралы айтып, сонымен қатар лаңкестік қаупі туындаған кезде азаматтық тұлғалардың жүріс-тұрыс алгоритмін бекіту бойынша тренинг өткізді, студенттерге осындай экстремалды жағдайларда қажетті іс-әрекеттер туралы буклеттер таратты.

17.02.2020