"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

VIII Қысқы Универсиада - М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қоржыны алғашқы алтын медальмен толықты

Өскемен қаласында Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған VIII қысқы Универсиада басталды. Оған еліміздің 12 Жоо-ның өкілдері қатысуда, бұл 1000-ға жуық студент. Спортшылар спорттың бес түрі бойынша сынға түседі. Қысқы Президенттік көпсайыс, керлинг, спорттық бағдарлау, биатлон және шаңғы жарысы. Қысқы Президенттік көпсайыстан жасөспірімдер арасында 1-ші орынды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ құрама командасы иеленді. Қысқы полиатлоннан абсолютті чемпион болып ФКС - 17-2 (ПФ) тобының 3 курс студенті, спорт шебері Данила Викторенко атанды!

Ол республикалық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жетіп, халықаралық турнирлерде төрт өңірдің атынан сайысқан. VIII Қысқы Универсиада біздің көпсайысымыз үшін трамплин болады, өйткені дәл осы жерде Дүниежүзілік студенттік ойындарға үздік спортшыларды іріктеу жүзеге асырылады.

24.02.2020