21-24 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында «ұзын цикл» пәні бойынша гір көтеруден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. СҚО командасының құрамында Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың екі студенті болды.
Василий Слепых, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дене тәрбиесі және спорт факультетінің 4 курс студенті, 95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Василий, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруді 82 рет бағындырған. Нәтижесінде Василий елдің абсолютті чемпионы атанды!
Жастар арасында 73 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды Қазақстан Республикасының спорт шебері, бірінші курс студенті Валентин Федоровский иеленді. Біздің ауыр атлетшілерді құттықтаймыз!!!