"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Мектептегі математиканы оқытудың заманауи бағыттары университетте талқыланды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  «Мектеп математикасын оқытудағы инновация» атты республикалық вебинар өтті. Оған Алтынсарын атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары, Петропавл қаласындағы  М.Айтхожина атындағы  №1 орта мектебінің математика мұғалімі қатысты. Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Математика және информатика» және «Физика» кафедраларының профессорлары, оқытушылары, студенттері және магистранттары баяндамалармен сөз сөйледі.

Баяндамашылар тапсырмалардың дидактикалық мәні және оны көбейту жолдары, критериалды бағалауда дескрипторлар құру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру туралы айтты. Онлайн іс-шарада көтерілген тағы бір маңызды тақырып оқушылардың геометриялық есептерді шешудегі танымдық стратегияларын қалыптастыру болды.

29.04.2020