Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
Бес асықтан ЖОО-ның студенттері арасында онлайн турнир өтті
ҚР ЖОО студенттерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, карантин кезінде, үйде отырып, уақытты тиімді пайдалану мақсатында бес асықтан спорттық онлайн турнир ұйымдастырылды.
Жарыс онлайн форматында «Whatsapp» желісімен өткізілді. Онлайн турнирінің ұйымдастыру комитеті құрамына кіретін өкілдер: ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы; Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясы.
Онлайн жарысқа ЖОО студенттері ғана қатысты. Қазақстанның әрбір жоғары оқу орнынан 2 ойыншы ұсынылды. Жарыс жекелей есепте өткізілді. Осы турнирде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Совет Алтынай 2-орынды иеленді, медаль мен дипломмен марапатталды.
