Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғалымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы надандық.
Абай Құнанбаев
Kozybayev University қабырғасында түлектердің алғашқы легі ҰБТ-ны қайта тапсырды
Солтүстік Қазақстан бойынша ҰБТ-ны қайта тапсыруға 225 түлек өтініш білдірген. Оның 114 тестілеуді бірінші күн тапсырса, қалғаны сынақтан ертең өтпек. Тестің нәтижесі Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады. Ал апелляция өтініштері келесі күні қабылданып, бір күн ішінде қарастырылады. Биыл ҰБТ-ны қайта тапсыру жаңа жағдайда өтті. Түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтады. Аудиторияда сынақтан өтетіндердің саны 17-ден аспады.
20.08.2020
