Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Шынықсаң - шымыр боласың!
Денсаулық фестивалі барысында Коzybayev University студенттері таза ауада таңғы жаттығуға қатысты. Жеңіл спорттық қозғалыстар балаларды күні бойы жақсы көңіл-күймен қуантты. Денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақталуын қамтамасыз етті.
Іс-шараны 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөніндегі ұлттық бағдарламалар шеңберінде СҚО СӨС қалыптастыру орталығы мен денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті ұйымдастырды.

 
             
             
             
             
            