Kozybayev University профессор-оқытушы құрамы және академиялық қызметкерлері "Жаңа контексте оқу үдерісін ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын әзірлеу" атты оқыту семинарына қатысты. Оның аясында екі күн бойы бірқатар онлайн дәрістер өткізілді. Оларды 150-ге жуық адам тыңдаған.
Спикер ретінде Astana IT University cтратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректоры, Erasmus+ жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар ұлттық командасының Бақылау кеңесінің төрағасы Серік Өмірбаев сөз сөйледі.
Ол әріптестеріне пандемия жағдайында оқу процесін ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдері, қағидаттары мен құрылымы, олардағы оқыту нәтижелерінің сипаттамасы туралы айтып берді. Педагогтер үшін ББ-да дескрипторларды (бағалаудың сапалы критерийлері) практикалық қолдану тақырыбы маңызды болды.
Мамандарды сырттан жұмылдыру оқытушылар құрамының құзыретін арттыруға ықпал етеді, тәжірибе алмасуға және студенттерді оқытуда жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.