"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Құтып

"Практикалық қазақ тілі" және "Шет тілдері" кафедраларымен Тілдер апталығы шеңберінде "Полиглот" өңірлік конкурсы

2020 жылдың 6 қазанында сағат 15.00-де ZOOM, ID 7998880402 (051749) платформасында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тіл және әдебиет институты базасында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өңірлік "Полиглот" конкурсы өткізілді.

Байқаудың мақсаты - рухани құндылықтың негізі ретінде жастар арасында көптілділікті насихаттау, толеранттылыққа, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікке тәрбиелеу.

Байқауға үш команда қатысты:

1) М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.:

Сотниченко Анастасия - ДЗ-20 тобы,

Сатыбалдин Нұржан - МС-20к тобы,

Рахимов Уалихан - АПО-20 тобы.

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты:

Хакаю Даниил - 1 курс курсанты,

Қорабай Нұржан - 1 курс курсанты,

Сәпиев Бақдәулет - 1 курс курсанты.

3) Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі:

Гамова Мария - "Емдеу ісі" мамандығы, 2 курс,

Варникова Ирина - "Емдеу ісі" мамандығы, 2 курс,

Закирьянов Диас - "Емдеу ісі" мамандығы, 2 курс.

Әр команданың құрамына 3 адам кірді. Әр команданың жетекшісі болды, ол да зумға қатысты. Байқау үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткізілді. Байқау төрт кезеңнен тұрды:

1-тур - "визит карточкасы".

2-тур - "Кім жылдам".

3-тур - "Жыр сандық".

4 - тур - "Ұлы даланың жеті қыры".

Келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

I орын - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты;

II орын - Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі;

III орын - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Үш жүлделі орын иегерлеріне естелік кітаптар мен дипломдар, сондай-ақ бірінші орын иегеріне кубок табыс етілді. Басшылар алғыс хаттармен марапатталды.

Жауаптылар:"Шет тілдер" кафедрасының аға оқытушылары,  Сырымбетова Д.С., Умурзакова Т.Е.

 

фотофотофото                                     

 

Кафедра шт
07.10.2020