Қозыбаев университетінде брифинг форматында "Кедергісіз қоғам" тақырыбы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер және магистранттармен дәстүрлі онлайн-кездесу өтті, онда біздің ЖОО-да инклюзивті білім беру кеңістігін құру мәселелері талқыланды.
Кездесуді университеттің психологиялық қызметі мен тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің қолдауымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында осы оқу жылында "Арнайы және әлеуметтік педагогика" кафедрасы ашқан эксклюзивті білім беру орталығының тұсаукесері өтті.
Іс-шараның спикерлері: "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының профессоры Александр Никифоров, "Герман - роман филологиясы" кафедрасының доценті Евгений Тетюхин, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Сәлімхан Сәбитов және "Ардос жүрек" ҚБ төрағасы Ақжан Кәрім болды. Олар туындаған мәселелерді шешу және белгіленген жоспарларға қол жеткізуде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар өмірлерінде денсаулығына байланысты туындаған проблемаларға қарамастан табысқа жеткен біздің көрнекті жерлестеріміз туралы бейнероликтермен танысты.
Университеттің қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан студенттер оқу процесін ұйымдастыру, оқу орнының білім беру кеңістігінің қолжетімділігін арттыру бойынша өз сұрақтарына толық жауап алды.