"Абылай хан резиденциясы" мұражай кешенінде V облыстық музейлер экскурсия жүргізушілерінің байқауы өтті. Оған Петропавлдан ғана емес, СҚО аудандарынан да 13 мұражай өкілдері қатысты. Байқаудың тақырыбы Солтүстік Қазақстан облысының киелі картасы болды.
Кәсіби сайыс 3 кезеңнен тұрды: бірінші турда таңдалған киелі нысандар туралы бейне ролик ұсыну, содан кейін белгілі бір мақсатты аудитория үшін берілген тақырыпқа экскурсия өткізу қажет болды. Үшінші шығармашылық кезеңде ұсынылған тақырып туралы мүмкіндігінше көп ақпарат беру керек еді. Қатысушылар нақты материал туралы білімдерін және экскурсия жүргізу шеберлігін көрсетті.
Нәтижесінде Қозыбаев университетінің мұражайының маманы Лаура Амрина үшінші орынға ие болды! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, бүгінде біздің ЖОО музейінде 3 мыңнан астам экспонат бар. 7 залда оқу ордамыздың даму кезеңдері ашылады. Қызметкерлер қашықтықтан жұмыс режиміне көшіп, бірінші курс студенттері үшін жыл сайын онлайн режимінде экскурсиялар жүргізе бастады.