"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектеп - кеме, білім теңіз.

Қасым Аманжолов

Университетіміздің ғалымдарын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттарын алуымен құттықтаймыз!

Kozybayev University ғалымдары ҚР БҒМ Ғылым комитеті жариялаған грантты қаржыландыру байқауында гранттардың иегерлері атанды.

Біздің зерттеушілердің 6 өтінімін комиссия мақұлдады:

1. Виталий Савинкин- "Рекуперативті жетегі бар дебиті аз мұнай-газ ұңғымаларында көмірсутектерді өндірудің жоғары өнімді терең-сорғы кешенін лазерлі-плазмалық дайындаудың жаңа энергиялық тиімді технологиясын әзірлеу және енгізу" (27 айға грант берілді);

2. Андрей Солодовник- "Жердің жоғары атмосферасында болып жатқан физикалық құбылыстарды және олардың климаттық трендтермен байланысын кешенді зерттеу" (27 айға грант берілді);

3. Антонина Дюрягина- "Әсер ету спектрі кең беттік-белсенді заттарды пайдалана отырып, коррозияға қарсы, ыстыққа төзімді, химиялық төзімді және гидрооқшаулау мақсатындағы модификацияланған лак-бояу материалдарын жасау" (27 айға грант берілді);

4. Майра Какимова- "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы жаңартылған бағдарлама жағдайында биология сабақтарында ағылшын тілін оқыту кезіндегі пәндік-тілдік интеграция "(1 жылға грант берілді);

5. Зәуре Картова- "Алтын Орда және Алтын Орда мемлекеттерінен кейінгі хан таңбалары мен мақтау грамоталарды анықтау (эвристика) және жіктеу" (1 жылға грант берілді);

6. Ирина Шмигирилова- "Математикалық білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың инновациялық тәсілдері" (1 жылға грант берілді).

Ғалымдар мен ғылым департаментінің ұжымын жақсы жетістікпен құттықтаймыз!

31.10.2020