Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
«Біз терроризмге қарсымыз!»
6 қараша күні Агротехнологиялық факультетте «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттерінің Петропавл қалалық мешітінің бас имамы - Мухсин Курсаков Абылай Құрмашұлымен онлайн – кездесуі өтті. Іс-шара Рухани тәлімгерлермен кездесулер циклына кіреді және таза ағартушылық, жалпы мәдени, этикалық-тәрбиелік сипатқа ие.
Бұл кездесудің мақсаты-экстремизмнің алдын алу және халықтар достығын нығайту, толеранттылық сезімін, қоршаған іс-әрекетке философиялық және сыни көзқарасты тәрбиелеу, рухани жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға, оқушылардың дұрыс өмірлік ұстанымын нығайтуға ықпал ету.
Абылай Құрмашұлы студенттерге Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни бірлестіктерге адамдарды тартудың салдары, жалған діни ағымдар туралы, ең бастысы жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы туралы айтып берді. Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, бас имамға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
