Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
XII республикалық пәндік олимпиада
2020 жылдың 5-6 қарашасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 5В010200 –«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ЖОО студенттері арасындағы XII республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада студенттердің танымдық, зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарын ынталандыруға бағытталды. Олимпиадаға 9 команда қатысты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, педагогика факультетінің БМДББТӘ кафедрасының «Болашақ» командасының студенттері (Жангалиева Айнур, 3 курс; Манасбекова Меруерт, 3 курс; Орынханова Мадина, 3 курс; Тоқтасын Альфия, 3 курс) қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттер үш кезеңнен тұратын сайыста «Шығармашылық жұмыс», «Кәсіби шеберлік», «Практикалық шеберлік» байқауларында терең білімдерін көрсете білді.Жеңістеріңіз құтты болсын!
