Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Kozybayev University Жас ғалымдар кеңесі барлық факультеттердің 1-4 курс бакалавриат студенттері арасында «Ғылыми қызметке қашықтықтан көзқарас» бейнероликтер байқауын өткізеді.
Kozybayev University Жас ғалымдар кеңесі барлық факультеттердің 1-4 курс бакалавриат студенттері арасында «Ғылыми қызметке қашықтықтан көзқарас» бейнероликтер байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты ғылыми білімді насихаттау және шығармашылық идеяларды іске асыру үшін қашықтықтан оқыту жағдайында заманауи және жоғары технологиялық құралдар мен әдістерді қолдануға ынталандыру болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланады. I орын 45000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықпен, II орын – 30000 теңге мөлшерінде, III орын – 15000 теңге мөлшерінде марапатталады. (Қосымша)