"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

Мектеп түлектерімен кездесу

«Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының оқытушылары Муканова Ф.К. және Таскулова А. М. №19 мектеп - гимназиясында (35 оқушы) 28.10.2020 ж., №32 орта мектепте (25 адам) 16.11.2020 ж. (Пучкова С. Ю., Муканова Ф. К.), № 4 орта мектепте (13 адам) 18.11.2020 ж. (Таскулова А. М., Пучкова С. Ю., Такенова Д. Е.), № 26 орта мектепте (10 адам) 18.11.2020 ж. (Жұмабаева Б. К., Шаканова Ш. Ш.) 11 сынып оқушыларымен онлайн режимде кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізді.

Кәсіптік бағдар беру барысында  Агротехнологиялық факультеттің білім беру бағдарламалары таныстырылды. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды: оқу құны, оқуға түсу ерекшеліктері, әскери кафедрада оқу мүмкіндігі және т. б.

21.11.2020