"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Талаптанған мұратына жетер, Талапсыздың күні өкінішпен өтер.

Мақал

Германиядағы тәжірибе!

Бейсенбі күні 26.11.2020 сағат 18: 00-де (Нұр - сұлтан) «Агроэксперия» компаниясының қолдауымен «Халықаралық өзара іс – қимыл клубы-International Club» кезекті кездесуі өтті.

 

Вебинар тақырыбы: «Аграрлық тәжірибеден өту бағдарламалары Logo e.V. және Deula Nienburg (Германия)».

 

Спикерлер ретінде:

Дмитрий Бессонов-logo e.V одағының екінші төрағасы.

Лиллит Аратюнян – Deula Nienburg оқу орталығындағы тәжірибе бағдарламаларына жауапты.

Аталған іс-шараға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және т.б. жоғары оқу орындары қатысты.

LOGO одағы экологиялық егіншілік саласында 6 айдан 12 айға дейін машықтануды ұйымдастырады. Тыңдаушылар әртүрлі өндірістік процестермен, жұмыс салаларымен және нарық құрылымдарымен танысады.

Deula Nienburg білім беру орталығының ерекшелігі ауыл шаруашылығы мамандықтарына тәжірибеге бағытталған (дуальды) оқытудан тұрады: теориялық бөлім оқу сыныптарында орталық базасында блоктармен оқытылады, ал тәжірибелік бөлім студент толық құқылы қызметкер болып табылатын 6 айдан 12 айға дейінгі ауыл шаруашылығы кәсіпорнында нақты жұмыста белгілі болады.

Біздің факультеттің студенттері 7 жыл бойы Logo e.V бағдарламасы бойынша Германияның экологиялық шаруашылықтарында өндірістік тәжірибеден өтетінін атап өту қажет.



29.11.2020