"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шебердің қолы – ортақ, Шешеннің тілі - ортақ.

Мақал

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш Президент жетістіктері» атты викториналық ойын

Викторинаның мақсаты:

• студенттердің Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің жеке тұлғасы туралы білімдерін кеңейту;

• мемлекет басшысының жеке басының ерекшелігін көрсету;

• патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу

Қазақстан халықтарының өткені, бүгіні және жарқын болашағы.

 

Викторинаға Агротехнологиялық факультеттің мемлекеттік тілде оқитын бірінші курс студенттері қатысты.

Ойын 2 кезеңде өтті.

Бірінші кезең ZOOM алаңында өтті, онда студенттер Елбасының құрметіне өз композицияларындағы өлеңдерін ұсынды.

Екінші кезең Myquiz.ru бағдарламасын пайдаланып тестілеу түрінде өтті

«Тұңғыш президент жетістіктері» викторинасының жеңімпаздары:

 1 орын - Туяков Адилет Асхатович, ТППЖ-20-к тобы, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының студенті;

2 орын - Өмірзақ Жания Бауыржанқызы, ТПП-20-2-к тобының «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының студенті;

3 орын - Балташ Әділ Тимурұлы, ЛРЛ-20-1-k тобы «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының студенті;

 

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына лайықты - ««Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттері - Махаш Ақерке Ермекбайқызы, Өмірзақ Жания Бауыржанқызы болды.

Қазылар алқасы қатысушылардың өте жоғары белсенділігі мен олардың осындай іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қызығушылықтарын атап өтеді. Ұйымдастыру комитеті барлық қазылар мүшелері мен викторинаның жанкүйерлеріне алғыс білдіреді!



29.11.2020