«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Халықтану» интерактивті білім беру лекторийына қатысушылар 3 тілде тәжік халқының шығу тегі, ежелгі және қазіргі заманғы тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, діни нанымдары, Қазақстанда жұмыс істейтін тәжік этномәдени объектілері қызметінің мәдени-тарихи көрікті жерлері туралы ақпаратпен бөлісті.
Дәрістерге ЖОО-ның оқытушылары мен сыртқы сарапшылар, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы тарих институтының жаңа және қазіргі заман тарихы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к., О.Синяков, СҚО Қоғамдық даму және ақпарат сараптамалық-талдау орталығының сарапшысы, қалалық Тәжікстан аззаматтары, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты курсанттары қатысты.
Студенттер лекторийдің ұйымдастырушылары мен спикерлеріне алғыс білдіріп, тәжік халқы туралы толығырақ ақпарат алу қызықты болғанын айтты. Сондай-ақ, олар біздің облыста және республикада тұратын басқа халықтарды зерттеуде өз білімдерін кеңейтуге қызығушылық танытты.