Қараша айында біздің оқытушылар, физика-математика ғылымдарының кандидаттары, физика кафедрасының доценттері Сергей Сартин мен Павел Леонтьев Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ., РФ) «Қазіргі материалдардың құрылымдық күйін зерттеу әдістері» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Бұл біздің университеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастық келісімінің арқасында мүмкін болды. Өз кезегінде серіктес университеттің ғалымдары: Сандық технологиялар, электроника және физика институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сергей Макаров және "Жалпы және эксперименттік физика" кафедрасының меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Плотников Қозыбаев университетінің "Физика" кафедрасының меңгерушісі Сергей Сартин жетекшілігімен атомдық күш микроскопия лабораториясында зондтық микроскопия негіздері бойынша ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті.