"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылым үйрен - көзің ашылады.

Міржақып Дулатов

ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ

«Қаржы және менеджмент» кафедрасының оқытушылары облыс мектептерінің 11 сынып – «Смирнов мектеп-гимназиясы», Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «Ломоносов орта мектебі», Есіл ауданының «Корнеев орта мектебі» және «Явленка №3 орта мектебі» оқушыларымен бірқатар кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.

Оқушылар алдында «Қаржы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Ю. В. Фоот сөз сөйледі. Ол «Қаржы» және «Менеджмент» білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, университетте оқу процесін ұйымдастыру және оқыту шарттары туралы айтып берді.

Оқушыларға кафедра дайындайтын мамандықтар туралы бейнеролик және Kozybayev University-ге оқуға түсу шарттары туралы презентация көрсетілді.

Болашақ талапкерлер көптеген сұрақтар қойды, оларға кафедра оқытушылары И. Г. Цвингер, А. М. Карипова жауап берді.

Кафедра қжм
23.12.2020
Кафедра ФиМ