Университет студенттерінің өмірлік бағдарларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын және патриотизмін анықтау мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы стратегия және білім сапасы департаменті техникалық қолдауымен сауалнама жүргізді, оған барлық факультеттердің бакалавриаттың күндізгі оқу формасының 1846 студенті қатысты. Студенттерге 30 түрлі сұрақтар ұсынылды, оларға ашық және толық жауаптар берілді.
Респонденттердің жартысына жуығы руханилық деп діндарлықты, моральды ұстануды, адалдық пен әдептілікті сақтау деп түсінеді. Студенттердің көпшілігі рухани мәдениеттің қазіргі жағдайын оң бағалайды. Олардың пікірінше, рухани мәдениеттің қалыптасуында көркем әдебиетті оқу, театрларға, мұражайларға бару және шығармашылық адамдармен қарым-қатынас басты рөл атқарады.
Интернет желісі арқылы ақпарат алуға қатысты респонденттер әлеуметтік желілердің рөліне қарама-қайшы көзқарастары бар 690 пікір қалдырды. Студенттердің көпшілігі волонтерлік қызметке белсенді қатысуға дайын. Өмірлік құндылықтар қатарына студенттер 1 орынға: отбасы, 2 орынға – денсаулық, 3 орынға – өзін – өзі дамыту, 4 орынға – махаббат және 5 орынға-достарды қойды.
Респонденттердің 60%-дан астамы өз болашағын Қазақстанмен байланыстырады. Респонденттердің жартысына жуығы болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды және олар мықты отбасы құрып, жақсы білім алып, сүйікті ісімен айналысады деп санайды, ал көпшілігі болашақ адамның өзіне, оның адалдығына, еңбекқорлығына, білімі мен ерік-жігеріне байланысты деп санайды.