"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Әлеуметтік-педагогикалық, клиникалық және психологиялық аспектілері кәсіби қызметті қамтамасыз ету мәдениетаралық кеңістікте »

25.12.2020 ж. «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары мен магистранттары ғылыми ынтымақтастық аясында Ресей Федерациясы, Свердлов облысы, Екатеринбург қ. «УрГМУ» ФМБОУ «Психологиялық-әлеуметтік жұмыс және жоғары мейіргерлік білім» факультетімен бірлесіп «Мәдениетаралық кеңістікте кәсіби қызметті қамтамасыз етудің әлеуметтік-педагогикалық, клиникалық-психологиялық аспектілері» атты бірінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Пленарлық отырыста «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» педагогикалық факультетінің деканы, PhD докторы - Магзумова Арайлым Қуанышқызы құттықтау сөз сөйледі. Аталған іс-шараға 100-ден астам қатысушылар ZOOM платформасында қатыста алды.

Пленарлық отырыстағы баяндамалар қаралып отырған мәселелердің қазіргі заманымен және өзектілігімен ерекшеленді. Конференция барысында «Заманауи сын-тегеуріндер жағдайында психологиялық – педагогикалық көмек көрсету мәселелері» бағыты бойынша сұрақтар талқыланып, аға оқытушы -Самиева О.Б. өз әріптестерімен «Аутизм спектрі бар балалардың ата-аналарының эмоционалдық күйіп қалуы» атты баяндама тақырыбында сөз сөйледі.

Қызықты секциялардың бірі – «Жастар секциясы» біздің кафедраның студенттері мен оқытушылары тарапынан үлкен қызығушылық пен назар аударылды. Біздің магистранттарымыз осы секцияда белсе қатысып, келесі тақырыптарында баяндамаларын дайындады:

Уаисова Сания, ПП кафедрасының магистранты (ППС-м-19 топ) «Студенттердің кәсіби бағдарланған білім беру траекториясын әзірлеуге психологиялық-педагогикалық жағдайлардың әсері» атты баяндама.

Рахимова Зарина, ПП кафедрасының магистранты (ППС-м-19 топ) «ТжКБ жүйесінде студенттердің эмоционалды зияткерлігін дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» атты баяндама.

Молдыбаева Жаннат, ПП кафедрасының магистранты (ППС-м-19 топ)

«Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі болашақ мұғалімдердің басқарушылық дағдыларының мазмұнды және құрылымдық компоненттері» атты баяндама.

«Жастар секциясы» жұмысының соңында жеңімпаздар анықталып, «Педагогика және психология» кафедрасының магистранты Уаисова Сания І орынға ие болды.

«Конференция жоғары деңгейде өтті! Қатысушылардың баяндамаларын тыңдау қызықты болды, сөз сөйлеушілер өзекті тақырыптарды көтерді, өз зерттеулерімен бөлісті! Конференцияны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!"- деп өз әсерімен біздің жеңімпазымыз – С.К. Уаисова бөлісті.

Біздің кафедрамыз С.К. Уаисованы жеңісімен құттықтап, шығармашылық шабыт, табыс және ынта тілейміз! Биік белестерден көріне беріңіз!

Кафедра пп
05.01.2021